22.02.2024, 15:45
Оқылды: 216

Пайғамбарды құтқарған өрмекші

Мұсылмандар ұғымында өрмекші уытсыз, өрмек тоқитын, ұсақ жәндіктер қатарына жатады.

Close up of spider net with water drops

Фото: istockphoto.com

Қазақтар да өрмекші де қасиет бар деп ұғынған халық. Егер үйде отырғанда төбесіне өрмекші түссе, басыма бақ қонады, жолым ашылады деп сенген екен.

Өрмекшінің қасиеті туралы діни аңыздарда Мұхамбет пайғамбарды қарсыластары ислам дінін уағыздадың деп өлтірмекші болғанда пайғамбарымыз тауға барып бір үңгірге тығылуға мәжбүр болады.

Пайғамбарға жақтасқан өрмекші сол сәтте үңгірге өрмек тоқып үлгереді. Із кесушілер де үңгірдің аузына жетіп келеді. Қараса өрмекшінің торы бұзылмапты, оны көрген қуғыншылар іште ешкім жоқ деп ұйғарып кетіп қалады.

Осылайша өрмекшінің арқасында пайғамбарымыз аман қалып, содан бастап өрмекшінің торын бұзуға тиым салыныпты деседі.

Зұлқожа Шарафутдинов

zhaikpress.kz

(«Салт-дәстүр сөйлейді». Хрестоматиялық анықтамалық. А. 2017 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале