5.09.2016, 12:42
Оқылды: 85

Жаңақала Тұяғын еске алды

Jangala Tuiak (1)Жаңақала аудандық Мәдениет үйінде белгілі күйші-композитор, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның халық әртісі Тұяқберді Шәмеловтің асқаралы алпыс бес жасқа толуына орай еске алу кеші өтті. 


Мерейтойлық кештің пердесі жергілікті ақын З.Сисенғалидың «Күй бүгін Тұяқ болып қалықтайды» жырымен ашылды. Содан кейін сахнаға Жаңақала ауданының әкімі Л.Хайретдинов шығып, «саусағында желі бар күйші» атанған Тұяқберді Шамеловтің өнеріне құрметпен қарайтынын осыған орай күйшінің өзі қос қарашығындай санайтын қос ауданның бірі Жаңақалада кесенесі тұрғызылып, алыптар алаңына мүсіні сап түзегенін атап өтті.

Кешке арнайы қатысқан күйшінің жары Сәуле құрметтеліп, сахна төріне шақырылды.

Мұнан соң шара тізгінін ұстаған ақын, аудандық мәслихат хатшысы З.Сисенғали күйші хақында естеліктерімен бөлісе отырып, әр әннің тарихына тоқтала отырып кешті әсерлі жүргізді.

Кеш барысында аудандық мәдени демалыс орталығы жанынан құрылған Т.Шәмелов атындағы фольклорлық ансамбльдің сүйемелдеуімен «Жазира көктем» (Ж.Құспанғалиева), «Гүл», «Тырналар» (Ж.Шуйкина), «Ардақты аға» (Е.Ақбасов), «Әнім сенсің, Жаңақала» (М.Сұпашев), «Ауылым - алтын бесігім» (А.Негаев) әндері орындалды.

Сондай-ақ күйшімен өнерде үзеңгілес жүрген досы Ермек Қазиев те естеліктерімен бөлісіп, күй орындады.

Әсерлі кеш соңында сөз алған күйшінің жұбайы Сәуле Тұяқтай ұлы күйшінің өнерін бағалаған бір қауым елге ризашылығын білдіріп, шексіз құрметке басын иді.

Н.ЕСЕТОВА,

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале