23.02.2024, 16:00
Оқылды: 84

Мектептің бас есепшісі 8 жылда 413 миллион теңге жымқырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласының №55 мектеп гимназиясының бас бухгалтері сотталды.

d69cb865-2dd9-4df2-a286-9cd1b8c39def

Фото: видеодан кадр

Ақтөбе қаласының № 2 соты Ақтөбе қаласының №55 мектеп-гимназиясының бас бухгалтеріне қатысты үкім шығарды.

Алдын алу шаралары шеңберінде сот процесі ашық режимде жүргізілді.

Сот процесіне онлайн режимде білім басқармасы мен бөлімдерінің қызметкерлері, оның ішінде Ақтөбе облысының 403 қалалық және аудандық мектептің директорлары, бухгалтерлері, педагогикалық құрамы қосылды.

Ақтөбе қалалық мектебінің бас бухгалтері аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды. Ол 8 жыл бойы өзінің банктік шотына жалақы ретінде заңсыз аударымдар жасаған, нәтижесінде мемлекетке 413,8 млн теңге сомасында залал келтірілді.

Тек бір жылдың ішінде ол өзіне 200 млн теңгеден астам қаражат аударған, бұл бүкіл мектептің жылдық еңбекақы қорының 30% -ын құрайды.

Сот үкімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ 10 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале