"Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында спортшымыз Алина Ажғалиева 1500 метр қашықтықтың финалына шығып, күміс жүлдеге қол жеткізді", - деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясы.
Бұл қыздар арасындағы қазақстандық шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі.
Бұл дистанцияда Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді.