24.02.2024, 23:37
Оқылды: 114

Тарихи нәтиже! Алина Ажғалиева әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

"Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында спортшымыз Алина Ажғалиева 1500 метр қашықтықтың финалына шығып, күміс жүлдеге қол жеткізді", - деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясы.

IMG_20240224_233221_978

Бұл қыздар арасындағы қазақстандық шорт-трек шеберлерінің әлем чемпионатында еншілеген тұңғыш жүлдесі.

Бұл дистанцияда Мажарстан спортшысы Майя Дора Сомоди чемпион атанса, қытайлық Ванью Лю қола жүлдеге қол жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале