26.02.2024, 10:00
Оқылды: 56

Қаржы пирамидасы бөлімшесін ұйымдастырушысы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды

Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, Астанадағы «Eolus» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастырушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ақша JP

Ол 2023 жылы АҚШ-та орналасқан жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламын деп жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында кеңсе жалдап, «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ны тіркеген.

Инвесторлардың қаражаты криптовалюта түрінде тартылды және есепке алу мен қайта бөлу үшін шетелдік хакерлер жасаған «energyeolus.info» платформасында көрсетілген.

Астанада ақшасын салған 535 адам тартылды.

Сот шешімімен 187 миллион теңге болатын 408 мың USDt көлеміндегі криптовалюта мемлекет пайдасына тәркіленген.

Сот үкімімен ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы тағайындалған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале