27.02.2024, 17:42
Оқылды: 10

Көршіңмен тату бол

Қазақтар арасында жиі айтылатын «Көрші ақысы - Тәңір ақысы», «Қоныс алма, көрші ал» деген мәтелдің шығу тарихы әріде жатса керек.

ЖП этнофестиваль (4)

Діни аңыздарда бірде Мұхамбет пайғамбар бір бейбақтың, екінші бір кісіге жабысып, соңынан қалмай, ол қайда барса да «хақымды бер» деп, қасынан бір елі ажырамай жүргенін көреді.

Сонда пайғамбар: «Ей бейбақ, бұл адамда не ақың бар, не істеді саған?» деп, сұрайды.

Сонда бейбақ: «Бұл менің көршім, бұл кісіде менің алынбаған ақым бар, Тәңірі оған байлық берді, ал мен өте кедей пақыр болдым. Тәңірі оған дәулетті бір басына үйіп бергенде ішіне кедей-кепшіктің де несібесін берген шығар», - дейді.

Сонда пайғамбар бай кісіге: «Көрші ақысы тәңірден» деген, «көршісіне қарайласпаған, халін сұрамаған адам менің үмбетім емес», - дейді де әрі қарай жүре береді.

Пайғамбардың бұл сөзі бүкіл үмбетке таралып, кейінгіге үлгі болып «Көршінің ақысы» деген ұғым сол кезден дәстүрге еніп бүгінге жеткен екен.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

(«Салт-дәстүр сөйлейді». Хрестоматиялық анықтамалық. А. 2017 жыл)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале