Бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының басты міндеттері туралы баяндады.
- Бірінші міндет – ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету. Бұл 655 МСАК нысаны. Екінші – ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру. Үшінші – ауылдық денсаулық сақтау нысандарын медицина кадрларымен қамтамасыз ету. 1 100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отыр.
Ұлттық жоба аясында 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат жоғары мамандандырылған жабдықпен қайта жабдықтауға арналған. 2024-2025 жылдары 23,1 млрд теңгеге 9 ангиограф, 17 МРТ, 6 КТ сатып алу жоспарлануда, - деді
Ақмарал Әлназарова.