27.02.2024, 14:45
Оқылды: 24

«32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 млрд теңге қарастырылған»

Бүгін Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының басты міндеттері туралы баяндады.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.
акмарал фото укиметтен
Фото: KZgovernment
- Бірінші міндет – ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету. Бұл 655 МСАК нысаны. Екінші – ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру. Үшінші – ауылдық денсаулық сақтау нысандарын медицина кадрларымен қамтамасыз ету. 1 100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отыр.
Ұлттық жоба аясында 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаражат жоғары мамандандырылған жабдықпен қайта жабдықтауға арналған. 2024-2025 жылдары 23,1 млрд теңгеге 9 ангиограф, 17 МРТ, 6 КТ сатып алу жоспарлануда, - деді Ақмарал Әлназарова.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале