28.02.2024, 10:15
Оқылды: 54

Жалпақталда аудан әкімімен ашық кездесу өтті

Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Жалпақтал ауылында болған іссапар барысында алдымен ауыл ішін аралап, одан кейін актив отырысын өткізіп, кәсіпкерлермен кездесіп, тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, округ ардагерлері және ауыл белсенділерімен кездесті.

429575712_873210118148548_7210195706594826272_n

Асланбек Ахметоллаұлының төрағалық етуімен өткен актив отырысының күн тәртібіне орай Жалпақтал ауылдық округінің салықтық түсімдері бойынша аудандық кірістер басқармасының төрағасы Ерлан Батабиев, Жалпақтал ауылдық округі бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасының орындалуы туралы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің маманы Қайрат Салауатов, жеке кәсіпкерліктерде жұмыс жасайтын жұмысшыларды заңдастыру шаралары бойынша аудандық Мансап орталығының басшысы Эльмира Сармалаевалар қысқаша баяндама жасап, түсінік берсе, кәсіпкерлермен болған кездесу барысында ауылдағы сауда-саттық орындарындағы электрондық сауда жасау жүйесі кеңінен қамтылып, бұл саладағы жұмыстардың жай-жапсары жан жақты пысықталды.

429582961_873210188148541_2009446523709726315_n

Ал жеке мәселелелері жөнінде қабылдау өткізген аудан әкіміне ауыл тұрғындары өздерін мазалап жүрген маңызды сауалдарын алға тартып, сол сауалдары бойынша тиісті көмек көрсетілуін талап етті.

Аудан әкімімен болған кездесулердің ең өзектілігі мен ең маңыздылығы округ ардагерлерімен және ауыл белсенділерімен болған кездесуде айқын сезілді. Онда ауылдың ардагерлері мен белсенділері тарапынан қозғалған барлық мәселелер аудан әкімі алдына төтесінен қойылып, сол мәселелердің уақытымен шешілу жолдары кеңінен талқыланып, оның орындалуы да қатаң түрде талап етілді. Жалпақтал аймағының стратегиялық даму жоспары сөз болғанда ауыл белсенділері өре түрегеліп, бұл бағыттағы баяу жүріп жатқан әрбір іске көңілдері толмайтындарын, болашақта ауыл мәселесін дамыту жолында кешенді істерді қолға алып, бұған дейінгі кездескен олқылықтардың жолын түбегейлі кесу бағытында бірлесе іс тындыру керек екеніне баса көңіл аударылды.

Ұзақты күнге созылған жиын соңы ортақ мәмілемен аяқталып, осындай пайдалы басқосулардың қатары жиірек болып тұруы керектігі аудан әкімінен сұралды.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале