Фото: istockphoto.com
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасады.
"Заң жобасы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу жөніндегі мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, заң жобасында денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруге, ұрып-соғуға, 16 жасқа толмағандарды жыныстық қудалауға, өз-өзіне қол жұмсауды насихаттауға және басқаларға бағытталған әрекеттерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған", - деді депутат Жұлдыз Сүлейменова.