29.02.2024, 17:44
Оқылды: 79

Түркінің пірі - Яссауи

Қазақ халқының Қожа Ахмет Яссауиге деген құрметі ертеден қалыптасты деп айтуға болады.

news16201

Фото: 7-su.kz

Ол жайында аңыз-әңгімелер, толғаулар мен дастандар кеңінен таралып қазақ тәрбиесінде Қожа Ахмет Яссауидің даналық ілімдері бүгінге жалғасты.

Мұны түркі өркениеті мен ислам өркениетін бейбіт жолмен жүзеге асыру тарихта бұрын-соңды болмаған сирек кездесетін құбылыс деуге де болады.

Ол өзіне дейін өмір сүрген түркі жұртының қасиетті ұғымдарын, жаңадан келген ислам мәдениетімен үндестіріп халық арасында рухани тұлғаға айналады. Сондықтан да оны заманында «Әулиелердің сұлтаны», «Түркілердің пірі» деп атаған.

Осыған орай күллі түркі әлемінде «Мәдинада - Мұхамбет, Түркістанда - Қожа Ахмет» деген тіркес кең тарайды.

Кейін осы тіркеске ХVІІІ ғасырда қазақтар түсінігінде «Мәдинада - Мұхамбет, Түркістанда - Қожа Ахмет, Маңғыстауда - Пір Бекет» деген түсінік пайда болады.

 

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

(«Салт-дәстүр сөйлейді». Хрестоматиялық анықтамалық. А. 2017 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале