1.03.2024, 17:00
Оқылды: 79

БҚО-да жыл басталғалы көкжөтел ауруы төрт адамнан анықталған

Өңірде жыл басталғалы көкжөтел ауру төрт адамнан анықталған. Ауруды жұқтырғандардың төртеуі де 14 жасқа дейінгі бала.

13bfda13-e28b-4f94-88d0-27197b9586bb

Фото: pixabay.com

Ауырған балалардың барлығы да ауруға қарсы екпе алмаған.

Көкжөтел – бұл көбінесе балаларда байқалатын, ауа арқылы жұғатын, спазмды ұстамалы жөтелмен білінетін жедел инфекциялық ауру.  Көкжөтелдің ерекшелігі – тыныс алу функциясының бұзылуы және аурудың дамуы кезінде тыныс алу жолдарының шырышты қабаттарының зақымдануы.

          Инкубациялық кезең 6 күннен 20 күнге дейін жүреді. Алғашқы немесе катаральды кезең 14 күнге дейін, ұстамалы жөтелдің пароксизмалды және инспираторлы ентігу кезеңі 1 ай және одан да көп кезеңге созылады.

          Көкжөтелдің белгілері жоғары тыныс жолдарының бактериялық инфекциясына ұқсас:

- дене қызуының +38°С-қа дейін көтерілуі, қалтырау;

- әлсіздік, бұлшықеттердің «сырқырауы», бас ауруы;

- мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.

          Жөтел ұстамасы кезінде науқас қиналып, беті қызарып, құсып қатты қиналады және  тынысы тоқтап қалуы мүмкін. Көкжөтел қатты асқынған жағдайда пневмонияға ұласуы мүмкін.

Көкжөтелдің алдын алудың жалғыз және тиімді шарасы - міндетті вакцинация күнтізбесіне енгізілген иммундау.

Ол бала өмірінің бірінші жылында жасалады. Сондықтан ата-аналар үшін балаларын иммундау орынды шешім болып қала береді. Вакцинация аурудың белгілері жоқ (суық тию, дене қызуының көтерілуі), дені сау балаларға ғана жасалады. Вакцинация жоспарлы түрде Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, 2 айда, 3 ай, 4 ай және  18 айда жүргізіледі.

Нұрлыбек Мұстаев,

Батыс Қазақстан облысы санитариялық-

 эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале