Бүгін Тасқала ауданында Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен барлық мекеме қызметкері сенбілікке қатысып, аудан тазалығына үлес қосты.
Сенбілік көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Бұндай шара да тасқалалықтар әрдайым сапта тұратындығы қуантады. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші мекеме қызметкерлері түгелдей шығып сенбілікке өз үлестерін қосты.
Сенбілікте Тасқала ауылдық оуругінің су тасқынына қауіп төніп тұрған су арналарын қардан тазаулау жұмыстары жүргізілді. Округ аумағында үш бағытта өткен сенбілік барысында қамыс шабу, су сақиналарын тазарту және кеңейту жұмыстары жүргізілді. Аталмыш шараға 52 мекеме ұжым қатысты.
Болатбек Сапарғалиев,
Тасқала ауданы