4.03.2024, 15:16
Оқылды: 105

БҚИТУ-да «Күміс университет» жобасы басталды

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті үздіксіз білім беру тұжырымдамасы аясында «Күміс университет» жобасын қолға алды.

610f614f-e461-4b2c-9e5c-aa729439ff36 (1)

Егде жастағы азаматтарға арналған курстар өңір тұрғындары арасында сұранысқа ие болуда.  Зейнет жасындағы жандардың бос уақытын тиімді пайдалануға ұмтылысы, жаңа білім мен дағдыларды үйренуге деген талпынысы қуантады. БҚИТУ-дың «Күміс университеті» ақпан айынан бастап  «Нутрициология негіздері және арт-терапия әдістері», «Интеллектуалды спорт түрлері», «Қаржылық сауаттылық», «Цифрлық сауаттылық», «Саяхаттауға арналған ағылшын тілі» және «Музыка үйірмесі» курстары бойынша тегін оқытуды бастады. Әр тыңдаушы өзіне ұнаған бағытты таңдап алады. Аға буын өкілдері, әсіресе,  «Нутрициология негіздері және арт-терапия әдістері» курсына зор қызығушылық танытып отыр. Тыңдаушылардың орта жасы - алпыс жас.

37919dab-132a-479a-814a-a573f2dbf52b

Үздіксіз білім алу кез келген адам үшін аса маңызды. «Күміс университет» жобасы өз кезегінде аға ұрпақтың қосымша білім алуына және әлеуметтенуіне зор мүмкіндік ұсынып отыр. Аталмыш курстар тыңдаушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Басты мақсаты - зейнет жасындағы азаматтардың  интелектуалды әрі шығармашылық қабілетін дамыту, тілдік коммуникациясын арттыру, қаржылық сауаттылығын кеңейту, заманауи техникалық құралдар мен ақпараттық технологияларды игеруге көмектесу, пайдалы тамақтанудың негіздерін үйрету.

Курс соңында тыңдаушыларға сертификаттар беріледі. Айта кету керек, тегін курстарға «күміс жастағы» кез келген өңір тұрғыны жазыла алады.

БҚИТУ баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале