Кеше Алматыдағы «Алматы-арена» стадионында «Alash Pride FC 95» халықаралық турнирі өтті.
Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Турнирде 61 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкері, лейтенант Аслан Өтеғалиев жекпе-жекке шықты.
Оның қарсыласы ресейлік спортшы Харимулла Серажутдинов болды. Төрешілер шешімі бойынша Аслан қарсыласын 3 раундта жеңіп, ел мәртебесін асқақтатты.
Еске сала кетейік, Аслан халықаралық деңгейдегі бірнеше жарыстың жеңімпазы атанды.
zhaikpress.kz