5.03.2024, 12:00
Оқылды: 47

ХҚКО қызметкерлері енді мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда көрсетеді

Қазақстанның 20 облысында азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше ала алатын 29 connection point ашылды. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары сауда орталықтары, базарлар, автовокзалдар және банктер сияқты қоғамдық орындарда орналасқан. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

a3ecbc60-0a0c-49d6-baba-4e24f116257d

  Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметінен

Соның ішінде Батыс Қазақстан облыстық филиалда төмендегі мекенжайлар бойынша азаматтар мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алатын 3 Сonnection point ашылды.

Олар: Құрманғазы көшесі, 173/1 «Dom Byta» сауда үйі, Исаев көшесі, 2/9  «Московский» сауда үйі, Сарайшық көшесі, 47 «Азаматтарды қабылдау орталығы».

Айта кетер болсақ, connection point– азаматтарға электрондық үкімет порталы арқылы қызметтерді өз бетінше алуға көмектесетін аумақ. Мұнда клиенттер электронды қолтаңба алу, тұрғылықты жері бойынша тіркелу, зейнетақы жинақтары туралы анықтама алу және тағы басқа танымал қызметтерге тапсырыс бере алады.

«Былтыр қазақстандықтар ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында 15 миллионнан астам қызмет алған болатын. Біз ірі қалалар мен облыс орталықтарында connection point орнату арқылы жобаны ауқымды етуді ұйғардық. Біз сауда орталықтарын, базарларды, автовокзалдарды кездейсоқ таңдаған жоқпыз, ол жақтарда адам легі көп және азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету үшін біздің қызметкерлерге жүгіну ыңғайлы болады», - деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Айта кету керек, бүгінге дейін сауда орталықтары мен базарлардағы өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы 2 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Қаңтар айындағы ең танымал қызметтердің бірі азаматтық хал актілері туралы мәліметтерді түзетуге өтініш беру болды. Азаматтар «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысу үшін балалар туралы мәліметтерді қосуға өтініш берген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале