Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыста 60 келідегі Римма Волосенко үшінші жекпе-жегінде өз мықтылығын танытты. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
Фото: olympic.kz
Жерлесіміз Уругвай спортшысы Камилла Паоло Пинейродан қарағанда жылдам қимылдап, дәл соққыларын дарыта білді. Сондай-ақ, Римма 2-раунд барысында қарсыласын нокдаунға да жіберді.
Енді отандасымыз ширек финалдық айқасын ертең өткізеді.