7.09.2016, 12:36
Оқылды: 89

Филиалдағы қоғамдық қабылдау

 НОкаменкаФил Қыркүйектің 7-сі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Санжар Әлиев қоғамдық қабылдау өткізді.         


         Қоғамдық қабылдауға келген аудан тұрғыны, ІІІ топтағы мүгедек Аслан Жакиев «Сәулет» шағынауданындағы жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын айтып, тұрғын үйді жекешелендіру мәселесін көтерді. Оған аудан басшысы биыл заң бойынша үйді жекешелендіруге болатындығын түсіндіріп, бұл заңның алдағы уақытта өзгеріп кету мүмкіндігін де қаперге салды. Сондай-ақ арнайы нысаналы топта тұрған А.Жакиевке мемлекет тарапынан он сотық тегін жер телімі берілетінін, оны үш жылдың ішінде салып бітіру қажеттілігін атап өтті.

М.Әжіғалиев

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале