7.03.2024, 19:45
Оқылды: 60

Сырымдық белсенді азаматшалар құрметке бөленді 

Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында дәстүрге сай ауданның нәзік жандыларын қабылдады.

IMG_9945 (1)

- Мереке қарсаңында өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Тіршіліктің бастауы да өздеріңіз. Қым-қуыт тірлікте баласының, жарының, туыстарының жағдайын жасап, еңбекке де араласып жүрген сіздердің аудан өмірінде өзіндік орындарыңыз бар, - деді аудан басшысы Жұмагелді Жолдыбайұлы.

Ақ жаулықты аналар атынан алғашқы алғыс сөзін Сырым ауданының Құрметті азаматы, ардагер ұстаз Гүлбақша Ерғалиева бастап, аудандық мәслихат төрағасы Шынар Дүйсенғалиева қостап, депутаттық корпус атынан қыз-келіншектерді, аяулы аналарды мерекемен құттықтады.

IMG_9947 (1)

Аудан әкімінің қабылдауына әр салада қызмет етіп жүрген, еңбегінің жемісін көріп зейнеткерлікке шыққан түрлі саладағы мереке иелері Римма Жүсіпова, Гүлдерайым Төремұратова, Гүлшат Оразалиева, Айгүл Лұқпанова, Мария Қаженова, Күміс Әнесова, Ақерке Матылова, Роза Бахтиярова, Жаннат Зимұханова, Нұржамал Төлегенова, Гүлнар Зимұханова, Нағия Қаженова, Ақзер Айдарханова, Мейрамгүл Мақсотова, Қарлығаш Мұхамбетқалиева, жас кәсіпкер Дамира Утеулиева, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” иелері Сәндігүл Нұғманова, Айнұр Арыстанова, белсенді жас Закира Жолсарина басшылықтары мен округ әкімдеріне, сый-құрмет көрсеткен аудан әкімдігіне алғыстарын жаудырды.

Құрметке бөленген нәзік жандылар ана туралы әндерді қосыла шырқап, аудан әкімімен естелік суретке түсті.

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале