Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудандық «Amanat» партиясы Сырым филиалының төрағасының, округ әкімдерінің қатысуымен мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.
Күн тәртібінде 2024-2026 жылдарға арналған Алғабас, Аралтөбе, Бұлан, Бұлдырты, Елтай, Жетікөл, Жосалы, Жымпиты, Қособа, Талдыбұлақ, Шолақаңқаты ауылдық округтерінің бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері, Жымпиты ауылының аумағында орналасқан мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру, жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы баяндамалар жасалды.
Жиын соңында аудан әкімі «Сырым ауданының Құрметті азаматы» атағын ардагер спортшылар Қазболат Құрмашев пен Санат Берсебаевқа табыс етті.
- Құрметті жерлестер, Қазболат Құрмашев екеуміздің еңбегімізді бағалап, Құрметті азамат атағына лайық деп танып жатқандарыңызға алғыс білдіреміз! - деді Санат Дәленұлы.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz