12.03.2024, 15:00
Оқылды: 19

Қос спорт ардагері «Құрметті азамат» атанды

Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудандық «Amanat» партиясы Сырым филиалының төрағасының, округ әкімдерінің қатысуымен мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.

5763c031-f00c-4f5d-8823-e9b907987b8d

Күн тәртібінде 2024-2026 жылдарға арналған Алғабас, Аралтөбе, Бұлан, Бұлдырты, Елтай, Жетікөл, Жосалы, Жымпиты, Қособа, Талдыбұлақ, Шолақаңқаты ауылдық округтерінің бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері, Жымпиты ауылының аумағында орналасқан мемлекеттік орман қоры жерлерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыру, жер комиссиясының құрамын және ережесін бекіту туралы баяндамалар жасалды.

3999bba6-c780-4001-9b95-4e169955a3ed

Жиын соңында аудан әкімі «Сырым ауданының Құрметті азаматы» атағын ардагер спортшылар Қазболат Құрмашев пен Санат Берсебаевқа табыс етті.

35821920-46a3-47d8-b181-17e194ac4eb3

- Құрметті жерлестер, Қазболат Құрмашев екеуміздің еңбегімізді бағалап, Құрметті азамат атағына лайық деп танып жатқандарыңызға алғыс білдіреміз! - деді Санат Дәленұлы.

d324c822-32a3-497e-9037-5b19cfb21172

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале