16.03.2024, 14:17
Оқылды: 98

Жалпақтал «Өнер» мектебі «Наурызнама» онкүндігін жалғастырды

Бүгін ата-әжені, әке-шешені, балаларды, көршілер мен ауылдастарды кейіпкерлер қатарына қосқан Жалпақтал ауылындағы «Өнер» мектебінің еңбек ұжымы еліміз бойынша бекітілген «Наурызнама» онкүндігі аясында Мәдениет үйінің орталық алаңында тігілген киіз үйде ауылдастарға арнап ақ дастархан жайып, дәстүрімізге айналған «Көрісу күні» мейрамын қарсылау сәтінен көрініс көрсетті.

IMG-20240316-WA0009

Шара барысында құтты шаңырақтың ақ жаулықты әжесі — бала-келіндерін алдыртып, бүгін көрісу күніне орай қонақ күтетіндерін айтып, келген меймандарын ақ дастарханға жайғастырады. Одан кейін көрісу мейрамының маңыздылығын түсіндіріп, немересіне тойбастар, құрметті меймандарынан қонаққаде сұрап ән мен жырға кезек береді.

IMG-20240316-WA0022

Осылайша ауылды ұлан-асыр тойға ұластырған «Өнер» мектебінің өнерпаз ұжымы ансамблдің орындауында төкпе күйлерден шашу шашып, ауыл әкіміне мерекеге орай тілек жолдатып, ақынына жүректен шыққан жырын оқытты.

IMG-20240316-WA0026

Шара соңында ауылдың бас имамы Тілек қажы Ахметжанұлы Әз-Наурыз мерекесіне орай ел-жұртқа арнап бата берді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале