18.03.2024, 15:17
Оқылды: 64

Алматы Декларациясына кімдер қатысты?

1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда бұрынғы Кеңес одағы республикаларының басшылары қатысқан кездесуі өтеді. Онда 1991 жылғы Минскіде өткен Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы (РСФСР) және Украйна Республикасы арасындағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы келісімге қосылатын республика басшыларының қол қою рәсімі өтеді.

жп дала

Аталған Протоколға Әжірбайжан Республикасынан А. Мүталибов, Қазақстан Республикасынан Н. Назарбаев, Ресей Федерациясынан Б. Ельцин, Өзбекстан Республикасынан И. Кәримов, Армения Республикасынан Л. Тер-Петросян, Қырғызстан Республикасынан А. Ақаев, Тәжікстан Республикасынан Р. Нәбиев, Украйна Республикасынан Л. Кравчук, Беларусь Республикасынан С. Шушкевич, Молдово Республикасынан М. Снегур және Түркіменстан Республикасынан С. Ниязов қол қояды.

Осылайша алпыс жыл бойы өмір сүрген респубикалар арасындағы шынжырмен ұсталған қатынас тоқтатылып, ерікті республикалар қатынасы болады. Бұл ТМД мүшелері арасындағы келісімдер болашақта достастық, тең құқылық, бір-бірінің территориялық бүтіндігін құрметтеу, шекараны бұзбау принциптері негізінде, тең праволық негізде құрылған деп саналады.

 Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress. kz

 («Қазақтар». Анықтамалық, А. 2003 жыл)

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале