19.03.2024, 11:15
Оқылды: 48

Олжас Бектенов: «Әкімдіктер ауылдық жерлерде кадр тапшылығы мәселесін шешуі қажет»

Бұл туралы Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты.

ff83d9c9-1513-43a8-836b-0f1e9fa50269

Фото: t.me/KZgovernment

- Әр ауыл тұрғыны тұрмыстық ахуалдың жақсарғанын және жайлы тұрмысқа қажетті игіліктердің болғанын қалайды. Ол үшін біз қала мен ауылдың тұрмыс деңгейіндегі алшақтықты біртіндеп қысқартып келеміз. Мұндағы негізгі факторлар – қолжетімді қызметтер, яғни сапалы жол, медицина мен білім беру. Сондай-ақ ауыз су мен жолдардың сапасына, электр қуаты мен ұялы байланыстың жағдайына және Интернеттің қолжетімді болуына қатысты мыңдаған шағым келіп түседі. Әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын, әсіресе, шекара маңындағы аумақтардың инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын күшейту керек.
«Әкімдіктер ауылдық жерлерде кадр тапшылығы мәселесін шешуі қажет. Келген мамандарға, әсіресе, жастарға қолдау көрсету керек. Ол үшін «Дипломмен ауылға» жобасы бар.

2009-2023 жылдар аралығында жобаны іске асыру барысында ауылға барған 105 мыңнан астам маман жалпы сомасы 20,3 млрд теңге көтерме жәрдемақы алды. Олардың 48 мыңнан астамы 160,4 млрд теңгеге баспана алды.

Биыл 25 млрд теңге қарастырылып отыр, бұл шамамен 3,1 мыңға жуық маманды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деді Үкімет басшысы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале