Наурыз мейрамына орай қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамассыз ету мақсатында БҚО полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшті.
Бұл туралы БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.
- Наурыз айының 20-25 күндері полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Басты мақсат - мереке күндері қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету. Мереке күндері халық көп шоғырланатын орындарда жергілікті полиция қызметінің инспекторлары мен облыстық потрульдік полиция инспекторлары тәулік бойына кезекшілік атқарады, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, полиция өкілдері басты назарды қоғамдық орындардағы тәртіп пен жолдағы қауіпсіздікті сақтауға жұмылдырады.
Бұған дейін полиция қызметкерлері наурыз мерекесі күндері облыстағы тәртіптік жағдайды күшейту мақсатында 15-17 наурыз күндері «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық шарасын өткізген еді. Айналдырған екі күн ішінде тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 5 қылмыскерді ұстаған. Бұдан бөлек заңсыз сақталған екі атыс қаруы мен үш оқ-дәрі және 37 үшкір-кесетін құралдар тәркілеген.
Жедел профилактикалық іс шара нәтижесінде 120 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін 170 адам ұсталыпты.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz