22.03.2024, 18:04
Оқылды: 55

Ұлыстың ұлы күні: Шыңғырлауда ұлттық құндылықтарымыз дәріптеліп, мәдениетіміз насихатталды

Шыңғырлау ауданында Наурыз мейрамы дүркіретіп аталып өтті. Аудан орталығына киіз үйлер мен шатыр тігіліп, сахна төрінде мерекелік бағдарлама ұсынылды. «Қош келдің, Наурыз думан» атты театрландырылған мерекелік шара да көрсетілген қойылымдар ұлттық мерекенің қадірін, құндылығын көрсетті. «Қыдыр ата», «Ұмай ана» баталарын берсе, әжелеріміз салт-дәстүрден сырт шертті. Жеті келін Наурыз көженің жеті дәмін таныстырып өтіп, жастар қауымы әннен шашу шашып, көрерменге жырдан алқа тақты. Кейін концерттік бағдарлама бастау алды. Ең алдымен аудан әкімі Мұрат Өмірәлиев сөз сөйлеп, шыңғырлаулықтарды мерекемен құттықтады.

433023141_1834034603674966_8435958666053833933_n

Жиылған жұртқа арналып мың бұралған бишілер би биледі, күмбірлеген күй тартылып, әсем ән ауыл көгінде қалықтады. Мерекелік көрініс пен концерттік бағдарлама халыққа тамаша көңіл күй сыйлап, бір марқайтып тастады.

432865313_1834032740341819_5185843319754752101_n

Сонымен қатар ұлттық ойындар сайыстары өткізілді. Келген аудан тұрғындары риза болып, мерекені керемет көңіл күймен атап өтті. Тігілген киіз үйлер мен шатырларды жауапты мекемелер мерекеге сай безендіріп, ұлттық тағамдардан дастархандарын жайып, қонақтарды қабылдады. Ыстықтай бауырсақтар мен Наурыз көжелер таратылды. Шатыр ішінде үлкендерге бас беріліп, бата алынды. Киіз үйлерге кірген қонақтарды ән айтып, құшақ жая қарсылады.

432929628_1834039733674453_1708130503708634558_n

Төл мейрам жыл сайын жаңашаланып, жыл сайын мәртебесі биіктеп келе жатыр. Үлкен-кішісі асыға күтетін ұлттық мерекеміздің осындай кең көлемде атап өтілгені қуантады.

433141304_1834036843674742_6661878204709559897_n

433139106_1834039503674476_7771783958255596752_n

432942465_1834033750341718_6287949607901048452_n

Гүлжазира Асу,

Шыңғырлау ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале