Бәйтерек ауданына қарасты Янайкин ауылындағы Т.Бигелдинов атындағы орта мектепте биыл екінші мәрте жыл үздіктерін анықталды. Сол дәстүрге сәйкес Наурыз мерекесінде әріптестерінің алды болған мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге құрмет көрсетілді.
Осынау іс-шараның ашылуында сөз алған мектеп директоры Жасталап Сабыровтың сөзіне қарағанда, мұндағы мақсат – оқушының бойына тәлім-тәрбиенің асылын құйып, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарға шәкірт тәрбиелеп жүрген ұстаздар мен білім ұясының дамуына сүбелі үлесі бар кіші қызметкерлердің еңбегін бағалау, олардың мәртебесін көтеру.
Биыл үздік болғандар қатарында Сырым Бекешов (АӘД және дене шынықтыру пәні), Айсұлу Сариева, Салтанат Ғұмарова (математика), Сергей Щербань (дене шынықтыру), Эльмира Зұлқарнаева, Ғалия Бердешева (география), Гүлмира Исимова, Мөлдір Қайбалиева, Нина Щербань, Моншақ Жанұзақова (бастауыш сынып), Замир Ғұмаров (музыка және технология) Айсұлу Сұлтанғалиева (тарих), Әйгерім Қыдырбекова, Ақмарал Жүнісова (қазақ тілі мен әдебиеті), Надежда Маркина (технология), Қуаныш Батырғалиев (биология), Бекежан Жұмағалиев (дене шынықтыру) сынды мұғалімдер бар. Сондай-ақ директордың орынбасарлары Рамзия Мауляшева мен Гүлсезім Батырғалиева (педагогика ғылымдарының магистрі) да марапатқа лайық деп танылды. Ал кіші қызметкерлердің ішінен Қамбар Есенғазиев пен Гүлайым Кенжекова үздік атанды. Оларға Алғыс хат, «Жыл үздігі-2024» мүсіншесі (статуэтка), естелік сыйлық және және гүл шоғы табысталды.
Салтанат Зұлқарнаева,
Бәйтерек ауданы