3 ақпан күні полиция қызметкерлері БҚО Бәйтерек ауданы Достық ауылының тұрғының өз үйінен өлі тапқан болатын. Кейін осы оқиғаға күдікті ретінде 1990 жылғы ер адамды ұстағанын хабарлады.
- БҚО Бәйтерек ауданы Приуралье полиция бөлімі аталған қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеуді аяқтады. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді, - деп мәлімдеді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 3 ақпан күні өз үйінен денесі табылған Достық ауылының тұрғыны такси қызметінде жұмыс істеген. Ауыл тұрғындары ол туралы тек жақсы естеліктер айтқан болатын.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz