26.03.2024, 17:00
Оқылды: 149

БҚО-да такси жүргізушісінің өліміне қатысты тергеу аяқталды

3 ақпан күні полиция қызметкерлері БҚО Бәйтерек ауданы Достық ауылының тұрғының өз үйінен өлі тапқан болатын. Кейін осы оқиғаға күдікті ретінде  1990 жылғы ер адамды ұстағанын хабарлады.

Полиция ЖП

- БҚО Бәйтерек ауданы Приуралье полиция бөлімі аталған қылмыстық істі ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеуді аяқтады. Қазіргі уақытта іс сотқа жіберілді, - деп мәлімдеді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 3 ақпан күні өз үйінен денесі табылған Достық ауылының тұрғыны такси қызметінде жұмыс істеген. Ауыл тұрғындары ол туралы тек жақсы естеліктер айтқан болатын.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале