Бұл туралы БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев айтты. Арман Оразалиев бүгін халықпен есептік кездесу өткізді. Кездесу әлеуметтік желі арқылы онлайн өтті.
- 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы құқық бұзушылық саны 22,8 пайызға азайды. Ауыр қылмыс түрі 23%-ға, орташа дәрежедегі 29%-ға және онша ауыр емес дәрежедегі қылмыс 10%-ға төмендеді. Алдын алу шараларынын нәтижесінде мас күйде жасалатын қылмыс саны 21%-ға төмендесе, көшелерде жасалатын қылмыс 21,2%-ға, ал қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс 20,9%-ға азайды. Мұның бәрі полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қадағалаудағы үздіксіз еңбегінің жемісі, - деді есептік кездесуде облыстың бас полицейі Арман Молдиярұлы.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz