27.03.2024, 16:00
Оқылды: 33

БҚО-да қылмыс саны төмендеген

Бұл туралы БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев айтты. Арман Оразалиев бүгін халықпен есептік кездесу өткізді. Кездесу әлеуметтік желі арқылы онлайн өтті.

Арман ДВД

- 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы құқық бұзушылық саны 22,8 пайызға азайды. Ауыр қылмыс түрі 23%-ға, орташа дәрежедегі 29%-ға және онша ауыр емес дәрежедегі қылмыс 10%-ға төмендеді. Алдын алу шараларынын нәтижесінде мас күйде жасалатын қылмыс саны 21%-ға  төмендесе, көшелерде  жасалатын қылмыс 21,2%-ға, ал  қоғамдық орындарда жасалатын қылмыс 20,9%-ға  азайдыМұның бәрі полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қадағалаудағы үздіксіз еңбегінің жемісі, - деді есептік кездесуде облыстың бас полицейі Арман Молдиярұлы.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале