Шыңғырлау ауданы бойынша көктемгі су тасқынына байланысты жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Күрт еріген қар суы мен жауған жаңбырдан су көбейіп тұрғындардан түскен қоңырау жиілеуде. Барлық мекеме қызметкерлері бекітілген кестеге сай тәулік бойы аудан тұрғындары тарапынан түскен қоңырауларға жауап беріп, жедел әрекет етуде. Тұрғын үйлерге барып, аулаларына жиналған суларды арнайы құрылғылармен сорғызып, ауыр техникалармен су жолдарын аршып, құм толы қапшықтар жеткізіп отыр.
Жиналған су сорылып, жылғаларға бағытталып, қажеттілігі бойынша жүргіншілер жолына құм толтырылған қапшықтар төселді.
Қазіргі таңда 5650 текше метр көлемінде еріген қар суы қауіпсіз аймаққа шығарылып, 2100-ден аса құм толтырылған қапшық пайдаланылған.
Әсел Әлім,
Шыңғырлау ауданы