27.03.2024, 22:10
Оқылды: 34

Шыңғырлау ауданы: 5650 текше метр көлемінде еріген қар суы қауіпсіз аймаққа шығарылған

Шыңғырлау ауданы бойынша көктемгі су тасқынына байланысты жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Күрт еріген қар суы мен жауған жаңбырдан су көбейіп тұрғындардан түскен қоңырау жиілеуде. Барлық мекеме қызметкерлері бекітілген кестеге сай тәулік бойы аудан тұрғындары тарапынан түскен қоңырауларға жауап беріп, жедел әрекет етуде. Тұрғын үйлерге барып, аулаларына жиналған суларды арнайы құрылғылармен сорғызып, ауыр техникалармен су жолдарын аршып, құм толы қапшықтар жеткізіп отыр.

Су Шыңғырлау 2024

Жиналған су сорылып, жылғаларға бағытталып, қажеттілігі бойынша жүргіншілер жолына құм толтырылған қапшықтар төселді.

Су Шыңғырлау 2024

Қазіргі таңда 5650 текше метр көлемінде еріген қар суы қауіпсіз аймаққа шығарылып, 2100-ден аса құм толтырылған қапшық пайдаланылған.

Су Шыңғырлау 2024

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале