28.03.2024, 17:15
Оқылды: 34

Шыңғырлауда 16 353 текше метр су шығарылды

Бүгінгі таңдағы басты тақырып-күрт еріген қар суынан ауыл-аймақты аман алып қалу, материалдық шығынды болдырмау. Шыңғырлау ауданында да бұл бағыттағы жұмыс қатаң қадағаланып отыр.

су чингирлау 2024 (1)

Төтеншеліктер мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерінде күні-түні тыным жоқ. Бұған қоса әр күн сайын аудандағы барлық мекеме-ұйым қызметкері кезегімен көмекке шығуда. Қазіргі таңда тұрғын үйлерді су басудың алдын алу жұмысы бойынша 195 өтінім түсіп, толықтай бақылауға алынған. Барлығы 16 353 текше метр су шығарылып, 83 адам (жеке құрам) төтенше жағдай кезіндегі жұмысқа жұмылдырылған. 5600 дана құм толтырылған қапшық суға кету қаупі бар тұрғын үйлердің айналасына қойылды. Бұл шараларға адам күшімен қатар техникалар - тіркемелі және тасымалы 8 мотопомпа, ассенизаторлар және ауыр жүк көліктері жұмылдырылған.

су чингирлау 2024 (1)

Үйлеріне су кіру қаупі бар тұрғындардың өздері де қолдарына құрал-саймандарын алып болысуда.

 

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

су чингирлау 2024 (2) су чингирлау 2024 (3) су чингирлау 2024 (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале