29.03.2024, 16:30
Оқылды: 99

Жетікөлдіктер тасқын суға қарсы күреске кірісті

Сырым ауданында Жымпиты мен Өлеңтіден кейін су тасқыны қатері Қособаға ауды. 

Су таскыны сырым 2024

Өлеңті өзені өз арнасына түсіп, Қособадағы қақпадан сәтті өтіп, Аяқкөлге қарай шықты.

Бірақ дала суының қаупі сейілмеген еді. Қарғын су Қособаға 28 күні 16:00 шамасында жетті.

Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиевтің айтуынша, төтенше жағдайлар жөніндегі мамандар, өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері және округ әкімдігінің жүйелі жұмысының арқасында тасқынның басы қайтарылған.

- Алғашқы жұмыс шұғыл эвакуациядан басталды. 72 отбасы, 230 адам Қособа орта мектебіне көшірілді. Ерекше айта кетерлігі, қауіпсіз жерге тек әйелдер мен балалар барды. Ер азаматтар жағы төтеншеліктермен тізе қосып қимылдап, ауылдарын сақтап қалуға атсалысты. Үйлерге су кірген жоқ, - дейді апаттық-құтқару жұмысының басы-қасында жүрген Шерғалиев мырза.

Айта кетейік, Жымпиты мен Өлеңтідегі су қаупі тарқады. Бірақ салдары орасан. Құлаған үйлер бар. Эвакуацияланған тұрғындар біртіндеп баспаналарына қайта бастады.

Созылмалы сырқаты және уақытша науқас 21 адам аудандық ауруханаға орналастырылды.

Бүгін тасқын суғак қарыс күреске Жетікөл кірісті.

 

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале