30.03.2024, 18:21
Оқылды: 99

Су тасқыны: өңір жастары асарға үн қосты

Өңірімізде болған су тасқыны облыс халқын қиын жағдайда қалған тұрғындарға бірігіп көмек көрсетуге жұмылдырды. Бүгін қаламыздағы Достық үйінде ашылған қабылдау пунктінде жиналған көмек те Сырым ауданына жол тартты.

5d7d0a94-3f2a-4c64-b630-5065e1b44f83

Достық үйінде табиғи апаттан зардап шеккен аудан тұрғындарына гуманитарлық көмек жинау туралы бастаманы Ассамблея жастары көтерген еді. Өңір жастарының бастамасын үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер, облыстық кеңестер, жергілікті кәсіпкерлер мен облыс тұрғындары қолдай кетті. Бірі ақшалай қаражат аударса, келесісі азық-түлік пен киім-кешектерді жеткізді.

d93bdbd6-493e-4b53-ba23-e95c20532627

- Біз Қазақстан халқы ассамблеясы, барлық этномәдени бірлестіктер, Ассамблея жастары кәсіпкерлермен, «Respublika» партиясымен бірге облысымызда болған жағдайға байланысты күш біріктіріп, асар жарияладық. Аудандардағы адамдардың су тасқынынан зардап шеккенін, қиын жағдайда қалғанын естіген, білетін қала тұрғындары да қарап қалмады. Осындай жағдайда адамдардың қабылдау пункті туралы біліп, өз еріктерімен келіп көмек көрсетіп жатқанына біз өте қуаныштымыз. Біздің күшіміз бірлікте, бәріміз бірігіп әрекет етсек, қандай қиындық болса да жеңеміз. Бүгін жастар жиналып қазіргі уақытқа жиналған көмекті жүк көліктеріне тиедік. Енді жолға шығамыз. Гуманитарлық көмекті жинауға қатысқан баршаңызға алғысымыз шексіз, - деді бастамашылардың бірі, осы істің басы-қасында жүрген БҚО ҚХА "Бирлик" әзірбайжан этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары, БҚО ҚХА Еріктілер қозғалысы орталығының жетекшісі Элгун Джаналиев.

55b518e9-aef5-4aa3-9b8a-ac24eb405b99

Жастардың айтуынша гуманитарлық көмекті жинауға «Белес» компаниясы 3 тонна астық бөлсе, «Sun City» құрылыс компаниясы, «Respublika» партиясы, «Бирлик» әзірбайжан этно-мәдени бірлестігі қаржылай көмек көрсеткен, Азат Рашитов атты жеке кәсіпкер бірінші уақытқа қажетті азық-түлік пен гигиеналық тауарлар сатып әкелген. Бұдан басқа қала тұрғындары да киім-кешек пен азық-түлік әкеліп, қаржылай да өз үлестерін қосқан.

Өңір жастарының бастамасымен гуманитарлық көмекке жиналған жалпы қаржы 2 млн теңгені құраған. Аталған қаржыға азық-түлік, санитарлық-гигиеналық құралдар мен алғашқы керек-жарақ заттар, сондай ақ жеміс пен көкөніс алынып, екі жүк көлігіне тиелді. Бүгін жастар гуманитарлық көмекті Сырым ауданы Жымпиты ауылындағы қабылдау пунктіне зардап шеккен адамдарға тарату үшін жеткізеді.

Айта кету керек, Ассамблея жастары су тасқынынан зардап шеккен адамдарға гумантарлық көмек қабылдауды әлі де жалғастырып жатыр.

Егер сіз де табиғи апат құрбандарына көмектескіңіз келсе, гуманитарлық көмек Астана шағын ауданы, 10 мекенжайы бойынша Достық үйі ғимаратындағы 1-қабат, 8-кабинетке жеткізе аласыз.

Байланыс үшін - +7 700 288 83 45 Саясат.

Альфия Шамаева, 

zhaikpess.kz 

Фотоларды түсірген автор

75c299f9-473f-4757-9f67-6ad01f9c571e

6f525b79-82c6-4479-974e-17b2b304b744

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале