30.03.2024, 22:40
Оқылды: 47

Жаңақалада су тасқынының алдын алу жұмыстары қалай жүріп жатыр?

Бүгін Жаңақала ауданына қарасты көктемгі су тасқынының орын алу қаупі бар Жаңақазан ауылдық округінде Сарыөзен және Қараөзен жағалауы, ауыл маңындағы айдынның жағалауына құм толтырылған қапшықтардан тосқауылдар қойылып, техникалардың көмегімен аласарған бөгеттерді көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

IMG-20240330-WA0115

Тасқынға қарсы қорғаныс шараларына аудандық, ауылдық әкімдерімен бірге 51809-В әскери бөлімшенің сарбаздары, шаруа қожалықтары мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды.

Су Жаңақала 2024

Сонымен қатар табиғаттың күрт өзгерісіне байланысты тұрғындарға сақтық шаралары айтылып, мұқият болу керек екендігі ескертілуде.

IMG-20240330-WA0117

Зара Жардемова,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале