31.03.2024, 13:35
Оқылды: 109

БҚО-дағы су тасқыны: 11 елді мекенге көлік қатынасы тоқтатылды

БҚО төтенше жағдайлар департаментінде 26 наурыздан бастап, тәулік бойы жұмыс істейтін, құрамына азаматтық қорғау қызметтері кіретін облыстық жедел штаб ашылды. Сенім телефоны да жұмыс істеп тұр. Осы уақытқа дейін барлығы 200 қоңырау түссе, өткен тәулікте – 15 адам хабарласқан. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Су Орал 2024

Жолдағы жағдай қандай?

Облыстағы төрт ауданының (6 облыстық, 15 жергілікті маңызы бар) автожолында 30 учаске және 15 су шайып кеткен жол бақылауда тұр. Халыққа қауіп жоқ. Қазіргі кезде 11 елді мекенге көлік қатынасы жоқ. Осы елді мекендерде азық-түлік дүкендерінде 2 апта мерзімге жететін азық-түлік қоры да бар.

Қаратөбе ауданында – Сулыкөл ауылы, Үшана ауылы, Төлен ауылы, Темірбек ауылы, Қосбаз ауылы, Аққозы ауылы, Қоржын ауылы, Ақтайсай ауылы.

Сырым ауданында – Қызылағаш ауылы;

Теректі ауданында – Дуана ауылы;

Шыңғырлау ауданында – Ақтау ауылы.

Орал қаласы, Бөрлі, Теректі, Қаратөбе, Сырым, Казталов және Бәйтерек аудандарындағы су тасқынына қарсы күреске жалпы саны 916 адам, 210 бірлік техника, 61 бірлік мотопомпа, 14 жүзу құралы жұмылдырылған.

Аудандардағы ахуал қандай?

Қаратөбе

30 наурызда Сұлукөл кентінде 1500 қап төселіп, ауылдың орта мектебіне 760 адам (604 ересек және 156 бала) эвакуацияланды.

Бүгін қардың қарқынды еруі және су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде Қалдығайты өзенінде жеке тұрғын үйдің аула аумақтарына су жқаынтай түсті. Үшана ауылының 110 (42 ересек, 68 бала) тұрғыны орта мектепке көшірілген. Қазіргі уақытта судың төмендегіні байқалады.

су каратобе 2024

Бұл істің басында 291 адам және 24 бірлік техника,

ТЖБ (2 а.), ӨСБ -18 (7 а), ЖҚЖ (6, 3 бірлік техника және 2 жүзу құралы), № 99250 ә/б (26 әскери қызметші және 1 бірлік техника), ЖАО (250 адам және 20 бірлік техника) жұмыс істеп жатыр.

Қосымша МӨСБ - 24 адам, бір вахтовка, бір жүзу құралы, екі портативті мотопомпа жолданған.

Бәйтерек ауданы

31 наурызда еріген судың ("Калининский тоғаны", көлемі 700000 текше метр) салдарынан тоған  толып, бөгеттің бұзылу қаупі туындады.

Белес су 2024

Тоған 80% толған. Егер бөгеттің жарылып, су шығып кетсе ағын су Переметное кентінен Деркөл өзеніне өтеді.

 Су үш айналма канал арқылы өтеді. Переметное кентінде 6 үй және 30 адам тұрады.

ТЖБ хабарландыру берді. Эвакуация қажет емес. Бөгеттің денесін нығайту үшін қапшықтар төселеді, инертті материалдары бар 600 қап төселген.

Бөрлі ауданы

Қазіргі уақытта Шыңғырлау өзеніндегі су деңгейі қауіпті белгіге жетті. Бұл -700 сантиметр. Ауа температурасы +2 . Шыңғырлау өзені бойынша Бөрлі ауданында 3000 дана қапшық төселген.

су бурлин 2024

Ақсайда көлемі 15 000 текше метр еріген суды айдау алаңында 130 келі жарылғыш заттар пайдаланылды.

28-29 наурыз күндері 104 үй су астында қалды.

Ақсу кенті, Кеңтүбек кенті, Аралтал шаынауданы, Пугачево, Бақтыарал ауылдары.

Барлығы 349 адам, оның ішінде 105 бала эвакуацияланды. Оның 115-і эвакопунктте. Барлық қажетті затпен қамтамасыз етілген.

Ақсу кентінен 137 үйден, 461 тұрғын, Кеңтүбектен 271 үйден, 974 адам, Аралталдан 243 үйден, 1000 адам, Пугачеводан 662 үйден, 2 645 адам, Бақтыаралдан 26 үйден 68 адам көшілірген.

Казталов ауданы

Су Казталов 2024

Өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты 22 елді мекенді су басу қаупі бар.

 Сатыбалдыда – 55 үй , 249 адам,

Жалпақталда – 778 үй , 5385 адам,

Жаңажолда –186 үй, 916 адам,

 Қарауылда –234 үй, 1135 адам,

 Қарасуда – 175 үй, 765 адам,

Жаста – 82 үй, 331 адам,

Ащысайда – 20 үй, 115 адам,

Қайыңдыда – 222 үй, 891 адам,

Ақпатерде – 228 үй, 1002 адам,

Қошанкөлде –254 үй, 106 адам),

Ордабайда – 36 үй, 146 адам),

Қазталовта – 1311 үй, 5375 адам),

Новосельеде 75 үй, 311 адам),

 Бостандық – 352 үй, халық – 1460),

Жұлдызда –113 үй, 595 адам.

Бұл ауылдар өзен бойында орналасқан.

Орел-Гай су қоймасынан (РФ) үлкен Өзен өзеніне 408 м3/с су ағызылады, Дмитриевскийден – 325 м3/с, Алгайскийден – 325 м3/с және Приузенский су қоймасынан БҚО-дағы үлкен Өзен өзеніне 372 м3/с су ағызылады. Жоғарыда аталған су қоймаларына су толтырылып жатыр және барлық су ағынмен Казталов ауданының аумағына өтеді.

Жалпақтал ауылындағы үлкен Өзен өзеніндегі су деңгейі 738 см (қауіпті деңгейі – 790 см). Бақылаушылар кезекшілікке қойылды.

Кіші өзен бойында Варфоломеевский су қоймасынан (толтыру 105,6% - ға) су көлемі -100 м3/с ағызылады. Келетін су көлемі су торабы арқылы реттеледі.

Бостандық ауылындағы кіші Өзен өзеніндегі су деңгейі 345 см (қауіпті деңгейі – 600 см).

Өзен бойында 2500 қап төселіп, жағалау сызығын бекіту, сағаларға су жіберу жұмысы жүргізіліп жатыр. Кіші өзен бойындағы №1 Казталов су қоймасына шлюз ашылған. Су деңгейі күрт көтерілген жағдайда өзенде №2-Казталов және Мамай су қоймаларының шлюздері ашылады. Егер аталған су айдындарының су деңгейі төмендемесе, су Рыбный Сакрыл су қоймасына қосылған арна арқылы өтеді.

Әр елді мекенде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Аудан бойынша барлығы 3 080 адамға 37 эвакуациялық пункт дайындалған.

Теректі ауданы

30.03. сағат 20-00-де Анката ауылдық округі Сатымшеген кентінде қардың қарқынды еруі нәтижесінде тұрғын үйді су басу қаупі туындады. Еріген су елді мекен арқылы өтті. ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері халықты мерзімінен бұрын эвакуациялады. Оның ішінде 8 бала бар. Эвакуацияланғандар Орал қаласы мен Сарыөмір ауылындағы туыстарына қоныс аударды.

су басу теректи 2024 (2)

Бүгін Подстепное ауылындағы Молдағалиев көшесі бойына қапшықтар төселді.

Подстепное ауылында даладан еріген су қорғаныс бөгетіне жетті. Осыған байланысты бір көшедегі тұрғын үйлерге қауіп төніп тұр. Үш инженерлік машинаның көмегімен қосымша қорғаныс бөгеті мен арық қазып жатыр.

Сырым ауданы

су сырым 2024 эва (2)

Еріген қар суының келуіне байланысты Жетікөл, Қосарал, Ақоба ауылын су басу қаупі бар.

Кент тұрғындары Қосарал кентінің мектебіне көшіріліп жатыр.

Барлығы 104 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 55 бала.

Облыс бойынша барлығы 384 тұрғын үйді, 5 көпқабатты үйдің жертөлесіне, 17 әлеуметтік нысанды су басты.

Аңқатыда - 20

Жымпитыда -139,

Өлеңтіде - 37,

Бұлдыртыда - 24

Қоржында - 80

Ақсуда - 45,

Кеңтүбекте - 20,

Аралталда -9,

Пугачева ауылында -10 үйге су кірген.

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша құтқарушылар 3 744 адамды эвакуациялады. Оның 2 289-і ересек, 1455-і бала.

Эвакуациялық пункттерге - 1 556 адам орналастырылған. Оның 1045-і ересек, 511-і бала. Сондай-ақ 2 188 адам туыстарын паналаған.

zhaikpress.kz

Құрметті батысқазақстандықтар!!!

стикер фонд қаз

Өңіріміздің бірнеше ауданында су тасқыны болып, бірқатар ауылдағы ағайын баспанасыз қалды.

Табиғи апаттың салдарынан қиын жағдайға тап болған жерлестерімізге ерікті түрде қолдау білдіремін деген өңір тұрғындары төменде көрсетілген «Ақжайық» жеке қоры арқылы қаражат жолдай алатынын еске саламыз!!!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале