Тасқала ауданындағы Оян ауылының тұрғындары тілсіз жауға қарсы күресіп жатыр.
Даладан келген топан су Оянға қауіп төндіре бастады.
– Жергілікті тұрғындар мен азаматтық қорғаныс құрылымдары судың алдын бөгеу үшін жұмыстанып жатыр. Тасқаладан арнайы техника мен қосымша күш жолданды. Оян ауылы жіті бақылауға алынды, – делінген төтенше жағдайға қарсы аудандық штаб хабарламасында.
Назгүл Серікқызы
Тасқала ауданы,
zhaikpress.kz