2.04.2024, 11:00
Оқылды: 115

Батыс Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды

Су тасқынына байланысты БҚО-да төтенше жағдай жарияланды.

су орал дрон 2 (1)

Ашық НҚА порталында БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтің Батыс Қазақстан облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешімі шықты.

Шешімге сәйкес облыс әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалып, оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылды.

Шешімнің орындалуын өңір басшысы бақылайды.

Айта кетейік, осыған дейін өңірде Орал қаласы мен Бөрлі, Теректі, Қаратөбе және Сырым аудандарында төтенше жағдай жарияланды.

zhaikpress.kz

Құрметті батысқазақстандықтар!

стикер фонд қаз

Өңіріміздің бірнеше ауданында су тасқыны болып, бірқатар ауылдағы ағайын баспанасыз қалды.

Табиғи апаттың салдарынан қиын жағдайға тап болған жерлестерімізге ерікті түрде қолдау білдіремін деген өңір тұрғындары төменде көрсетілген «Ақжайық» жеке қоры арқылы қаражат жолдай алатынын еске саламыз!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале