2.04.2024, 15:00
Оқылды: 54

Бес жыл бойы мемлекет қаражатын иемденіп келген жемқор есепші сотталды

Алматыда бас бухгалтер мен директордың орынбасары бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақша JP

Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

- 2019 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төледі. Қылмыстық әрекеттің салдарынан мемлекетке 11 млн теңге көлемінде залал келтірілді. Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді, - делінген Алматы қалалық прокуратурасы таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале