3.04.2024, 8:37
Оқылды: 92

БҚО-ның ТЖД тұрғындарға үндеу жариялады

Бүгін түнде Орал қаласындағы Деркул кенті қазақ-түрік лицейі ауданы және
«Самал 3» шағынауданында құтқарушылар аулаларды қарап шықты. Бұл туралы БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

InShot_20240403_083441575

– Адамдар эвакуациядан бас тартқан. Тұрғындардың жартысынан көбі туыстарына алдын ала кеткен. Жарық бар, тұйықталудан қамтамасыз етілді. Эвакуациялауға БҚО ТЖД жеке құрамы, апаттар медицинасы орталығы, № 28237 әскери бөлімі, Ұлттық ұлан № 5517 әскери бөлімі, аумақтық қорғаныс арнайы техникалармен шықты. Төтенше жағдайлар мен полиция департаменті қызметкерлері кезекшілікте тұр.

InShot_20240403_083455249

Тұрғындардан дүрбелеңге түспеуді, төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарына сәйкес, әрекет етуді және қажет болған жағдайда қауіпсіз жерлерге эвакуацияға дайын болуды сұраймыз.

Сізге көмек көрсету қажет болған жағдайда "112" телефонына хабарласуға болады, - делінген хабарламада.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале