БҚО-да су тасқыны салдарын жою және авариялық-құтқару жұмысы жалғасып жатыр.
БҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның ішінде 2 мыңы бала. Эвакуациялық пункттерде 1 мыңнан астам адам орналасқан, қалған 3 853 адам туыстарының үйіне орналасқан.
Қазіргі уақытта 26 су өтіп кеткен және 51 шайып өткен учаске бақылауда тұр.
10 елді мекенге әлі күнге дейін көлік қатынасы жоқ. Бұл елді мекендердегі азық-түлік дүкендерінде азық-түлік қоры да жеткілікті. Үш мыңнан аса үй жануары қауіпсіз жерлерге айдалған.
Облыста барлығы 804 773 текше метр еріген су сорылып, 170 749 қап төселген. Қазіргі уақытта 1 979 адам жұмыс істеп, 365 бірлік техника мен 76 бірлік мотопомпаны пайдаланып отыр.
Түнде Орал қаласы және Теректі, Бәйтерек аудандарында эвакуация істеп, тұрғындарды құлақтандырған. Қап төсеп, мұздың бір жерде жиналып қалмауын қадағалады.
Ұлттық ұланның МИ-171 тікұшағымен Қаратөбе ауданының Үшана мен Қоржын ауылдарына екі тонна азық-түлік жеткізілген.
Теректі ауданының Ұзынкөл ауылында су басу қаупінен 705 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 230-ы бала. Оралда саяжайда тұратын адамдарды эвакуациялау туралы ақпарат таратылып жатыр.
Бүгінгі күні жағдай күрделі және бақылауда тұр.
zhaikpress.kz