12.09.2016, 12:00
Оқылды: 76

Қаратөбе мешітіндегі Айт мерекесі

screenshot_2016-09-12-21-34-29-1Қаратөбе аудандық мешіт үйіне Айт намазына жиналған халықтың қарасы көп болды. Қаратөбелік ағайындар бір-біріне Айт қабыл болсын десіп, мерекелік көтеріңкі көңілде болды.


 

Аудандық мешіттің имамы Әділжан Бекқазиев мешітке келген мұсылман қауым алдында Құрбан айттың маңызы мен ерекшелігі туралы, құрбан шалудың тәртібі жайлы түсінік беріп, қаратөбелік ағайындарды үлкен маңызға ие үш күн аталып өтетін Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Таңғы сағат 8-де айт намазы оқылды. Құрбан шалынды.
Мешіт имамы Әділжан Төлебайұлының айтуынша, биыл айт намазына жиналған халықтың саны өткен жылдағыдан әлдеқайда көбірек.
Қаратөбелік жеті азамат бірігіп, ірі қара малын, қалғандары қой малын, жалпы, 30 шақты адам құрбан шалып, Алла тағалаға ниет етті. Сонымен бірге өз үйлерінде құрбандыққа мал шалған тұрғындар да бар.
Құрбандыққа шалынған малдардың еті үшке бөлінді. Құрбан шалушының өзіне, ағайын-туысына және жетім-жесірлер мен отбасы жағдайы төмен жандарға берілді.
Аудандық ішкі саясат және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен мешіт үйі ауласындағы киіз үйде ауыл қариялары мен жағдайы төмен жандарға арналып дастарқан жайылып, құран оқылды.

Ерболат РАЙСОВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале