4.04.2024, 18:08
Оқылды: 51

Президент батысқазақстандық құтқарушылар және еріктілермен кездесті

Президент баспасөз қызметінің хабарлауншаҚасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде ішкі істер органдары, төтенше жағдайлар департаменті, Ұлттық ұлан қызметкерлерінен құралған құтқарушылар тобы және су тасқынына қарсы шараларға белсенді қатысып жатқан еріктілермен жүздесті.

IMG_20240404_201803_987

Кездесу барысында Президент табиғи апатпен күреске атсалысқан барлық азаматқа ризашылығын білдіріп, олар бүкіл еліміз үшін өте маңызды, игі іс атқарып жүргенін атап өтті.

IMG_20240404_201758_761

– Көп ұзамай бұл жұмыс та аяқталады. Қиындықты қалай да еңсереміз. Осында еңбек етіп жүрген құтқарушылар, полицейлер, еріктілер лайықты деңгейде марапатталады. Бұл міндетті түрде менің бақылауымда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Фото: t.me/aqorda_resmi

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале