Бүгін Жаңақала аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен Махамбет Өтемісұлының 220 жыл толуына орай ақынның шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында «Махамбет оқулары» байқауы ұйымдастырылды.
Додаға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Сапарова, Жаңақала мектеп-гимназиясының тарих пәннің мұғалімі Қаһарман Зейнуллин, аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Қуаныш Шарафутдин төрелік етті.
Шара шымылдығын Ақнұрлы Нұрғалиқызы ашып, Қали Жантілеуов атындағы балалар музыкалық мектебі домбыра сыныбының оқытушысы Саадат Сағадатұлы Ерғалидың күйі «Қоштасу» күйін күмбірлете орындады.
Сондымен қатар Нұржанар Арманбекқызы «Жырдың алмас қылышы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.
Байқау қорытындысы бойынша Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы «Жас журналистер» клубының мүшесі Қалдыбаев Әлшер III орынға, С.Меңдешев атындағы мектебінің оқушысы Абайұлы Ерген II орынға, Жаңақала аудандық мектептен тыс жұмыс орталығы «Жас журналистер» клубының мүшесі Ғилымхан Ақбаян жүлделі I орынға орынға ие болды.
Махамбет өлеңдерін жаттап, ұлттың рухани мұрасын насихаттап жүрген жас өрендерге Замира Төремұратқызының демеушілігімен алғысхаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Айзада Ақбасова,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz