Жаңақала ауданының Жаңажол және Мәстексай ауылдық округтерінде су тасқынын алдын алу мақсатында аталмыш ауылдар мен елді мекен іргелеріндегі бөгеттерді көтеру жұмысы жалғасып, су басу қауіпі бар Мәстексай, Жаңажол, Кіші Айдархан округтеріне арнайы техникалар жеткізіліп, қажетті жұмысты істеп жатыр.
Сондай-ақ, Сарыкөл елді мекеніне арнайы техника жолданып, аудандық туризм орталығының және білім бөлімінің қызметкерлері Кіші айдархан елді мекеніне тасқынға тосқауыл жұмысын атқарады.
Қазіргі уақытта Жаңақала ауданы бойынша жағдай қалыпты.
Айзада Жанұзаққызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz