5.04.2024, 17:58
Оқылды: 62

Көше тұрғындары ас берді

Бүгін Казталов ауданы Жалпақтал ауылы Сырым Датұлы көшесінің тұрғындары көктем шығып, қар еріп, ел жайлауға қамданған шақта құрбан шалып, ауыл-елді оттан-судан, пәле-жәледен қорғау мақсатында құран бағыштап, ел-жұртқа арнайы ас берді.

20240405_111634

Биыл өңірді тасқын су біраз әбігерге салғаны рас еді. Тасқын судан зардап шеккен тұрғындар саны артып, көптеген адам баспанасыз қалды. Сондықтан да Сырым Датұлы көшесінің тұрғындары Сарыөзен мен Қараөзен өзендері бойында қоныс тепкен елді мекендердің тұрғындары атынан ауыл ынтымағын паш етіп, ел бірлігін сақтау үшін Жалпақтал ауылындағы Қожантай мешітінің имамы Тілек қажы Ахметжанұлына арнайы құран оқытты.

Елдіктің түп қазығын ислам діні арқылы нығайтатып, ас берілген үлкен шарада Казталов ауданы әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова, Сырым Датұлы көшесінің ардагер тұрғыны Меңдеш Бакманов сөз алып, ұрпақтар үшін тәрбиелік мәні зор бас қосуды бір кісідей ұйымдастырған көшенің жас тұрғындарына  ауылдың үлкендері атынан алғыс айтып, Серік ақсақалымыз ақ батасын берді.

Қыдыр Харесұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале