6.04.2024, 15:00
Оқылды: 54

Полиция қызметкерлері саяжай тұрғындарын көшіріп жатыр

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі кезде облыс аумағында су тасқыны салдарын жою және апаттық-құтқару жұмыстары жалғасуда.

WhatsApp Image 2024-04-06 at 12.57.07
Қала маңындағы «Путеец», «Ягодка», «Венера», «Үміткер», «Ивушка», «Кожевник», «Газовик», «Зенит» және тағы басқа да саяжайларда 400-ден астам үй суға кетті.
Орал қаласының жанынан өтетін Жайық өзенінің нақты деңгейі 679 см, қауіпті деңгей 850 см деп күтілуде.
Полиция қызметкерлері саяжай тұрғындарын эвакуациялау бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тәулік бойы адамдарды көшіріп, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Жалпы Орал қаласының маңындағы саяжайларды су тасқынынан қорғау жұмыстарына 180 полиция қызметкері мен 46 қызметтік техника жұмылдырылды.

WhatsApp Image 2024-04-06 at 15.33.11
Елді мекендерде 500-ден астам адам, оның ішінде 300-ден аса бала қауіпсіз аймаққа көшіріліп, эвакуацияланды.
Қазіргі уақытта облысымыздың 5 жолын су басты, оның ішінде 4 облыстық және 1 жергілікті маңызы бар автожолдар бар. Соған орай БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері стационарлық бекеттер орнатты.
Облысымыздың Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау секілді үш ауданының (Дуана, Ақтайсай, Ақтау, Сулыкөл, Үшана, Төлен, Темірбек, Қосбаз, Ақкозы, Қоржын) 10 елді мекені жолды су шаю салдарынан көлік байланысынсыз қалды. Бүгінгі таңда жағдай тұрақты түрде күрделі және қатаң бақылауда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале